Жанна Сейтахан,

Қазақстан. Ақтөбе қаласы. ЖМЖА-ның терапия бөлімшесінің аға медбикесі.

Мейіргер ісіндегі көшбасшылық 

Біздің менталиттке, біздің ерекшелігімізге байланысты бұл біздің елде мүмкін бе?

Біз осы туралы Ақтөбе қаласының ЖМЖА-ның терапия бөлімшесінің аға медбикесімен сөйлестік.

Мен медбикелік істегі көшбасшылықты қалай түсінемін? Бұл жолдың, жалпы тұтас денсаулық сақтаудағы көшбасшылық жолы қиындығы қандай? Олар туралы медициналық медбикелермен сөйлесу неге қажет? Денсаулық сақтау ісіндегі өз тәжрибем негізінде, өз жұмыс орынымда көшбасшылықты нығайту үшін мен не істей аламын. Мен өз әріптестеріме-медбикелерге, ең бастысы клиника басшылығына – бас медбикеге, бөлімше меңгерушілеріне, бас дәрігерге көшбасшылық туралы түсіндіре алмын ба? Осы сұрақтардың бәрі мен медбикелік істі Жетілдіру Орталығында (СІЖО) нақты мәселені білгеннен кейін бірден пайда болды.

Мен осы мәселе туралы кеңірек түсінгім келді. Менің түсінуімше көшбасшылық ол – жұмыс барысын ескіше жүргізе бермей, барлық үдерісте ең жақсы нәтижеге қол жеткізу үшін жаңа әдістер мен орындау жолдарын табу, білімді сіңіре білу және оны күнделікті жұмыста қолдана білу қабілеті.  Және ия, мен ондай көшбасшылыққа «ия» деп жауап беремін! Ал енді оны мейірбикелік іске бейімдеп көрелік… «Медициналық мейірбике» мамандығы қалыптасуы бір ғасырдан асты және оның орны әрине көшбасшылық емес еді. Медбике әрдайым орындаушы болды, дәлірек айтсақ ол екінші кезектегі болашағы жоқ маман болды. Біздер стреотиптер қоғамында өмір сүреміз, ал оны бұзу оңай емес. Мен оны нақты жағдайға байланысты сұрақ деймін. Бірақ уақыт, әсіресе,  қазіргі сәтте бір орында тұрмайды, әлемде күн сайын, тіпті минут сайын өзгерістер болып жатыр. Сондықтан денсаулық сақтау ісі де жақсы бағытқа өзгеруге ұмтылып, тез өзгеретін әлем көшіне ілесіп үлгеруі қажет. Мейірбикелік істе көшбасшылықтың дамуы осыған көмектеседі, себебі медициналық көмекті ұйымдастыруда медициналық медбике жауапкершілікті және оның рөлінің артуына ықпал етеді.

Медбикелік істе көшбасшылықты дамуына, дәлірек айтсам осындай жағдайдың болатынына сенім менде қайдан пайда болды? Кез келген бастамалар бірден тез дами алмайды, ал кейде тіпті бір орында тұрып қалады… Әртүрлі себептерден, оның ішінде әрі дәрігерлердегі, әрі медбикелердегі таза психологиялық себептерден іс жүрмейді. Дәрігерлер жетекші болып, ал медбикелер – тыңдап және орындап үйренген. Қай қайсысының да ойлау образын өзгерту күрделі іс. Қазіргі сәтте жағдай былай, жоғары білімді медбике, бұрынғы үйреншікті орынында жұмысын жалғастыруда, оның жауапкершілік дәрежесі мен маңызы өзгерген жоқ. Көріп тұрғаныңыздай осыған дейін де, осыдан кейін де айырмашылық жоқ… Мен жалпы оптимистімін, бірақ скептицизм үлесі әлі бар. Дей тұрғанмен мейірбикелік істегі көшбасшылық жарқын алыстағы армандай? Мүмкін біз тек дән шашу сатысында шығармыз? Оларды теріске шығармай аяқтаймын…

Menu