Ханнеле Тииттанен, LicNSc, MSc(Educ.), RN

Автор Финляндияның Лахти қолданбалы ғылымдар Унтверситетінде басты оқытушы болып қызмет атқарады.

Мейірбикелік істің мықты жақтары бар ма?

Бұл CNE-дегі мейірбикелік ісі туралы алғашқы блог және мен осы жерде алғашқы автор болу мүмкіндігіне қуаныштымын. Блогтың оқуын және оған белсенді жазылуын тілеймін. Ол мейірбикелер-көшбасшыларымен және мейірбиеклік практиканың дамуына, озық тәжірибемен, идеялармен және инновациялармен алмасуға мүмкіндік береді.

ProInCa жобасның мақсатының бірі денсаулық сақтау жүйесінде сапаны арттыру мақсатында медициналық университеттер мен мейірбикелік білім беретін жоғарғы медициналық коледждерде көшбасшылықты дамытуға және мейірбикелік істі басқару мүмкіндігіне ықпал ету. ProInCa жобасын орындау барысында әртүрлі материалдар даярланды, мысалы, CNE Цетра платформасында пайдалану үшін мейірбикелік көшбасшылық туралы оқу материалдары мейірбикелік істі оқытушыларына қазір дайын. Moodle курсы сайтында мейірбикелік іс жетілдіруде. Оқу материалдары төрт тақырыпқа бөлінген: бағытты анықтау, қызмет көрсетуді және ендіру нәтижелерін басқару, профессионализм және этика, сол сияқты жетекші адамдар мен командалар. Мейірбикелік істегі көшбасшылық материалдары Power Point форматындағы презентациядан, жаттығулардан, көшбасшылық аспаптарынан және оқыту мен мейірбикелік істі дамытуға арналған ақпаратты материалдардан тұрады. Оқыту материалдарының маңызды бөлігіне көшбасшылық жаттығулары жатады. Мысалы, жаттығулардаң бірі сіздің мекемеңізде мейірбикелік іс қалай болатынын ойлауға арналған. Басқару стратегиясына қоршаған ортаны талдау нәтижесінде стратегиялық мақсаттарды анықтау жатады. Бұл  мақсат мекеме болашағының ең тиімдісін сутеттейді. Бұл суреттеу мекеменің болашағын сипаттайды: мекеме қайда, қай бағытта дамығысы келеді.Болашақты көру – ол мекеме, мысалы, бес жылдан кейін қандай болатынын баяндау. Болашақты көру – ол  болашақ мекеменің ментальды образы, суреті. Стратегиялық мақсаттар осыған мекеме қалай қол жеткізе алатынын сипаттайды. Сіз өз мекемеңізде мейірбикелік мамандықты қандай түрде анықтадыңыз? Және болашақты болжауға қол жеткізу үшін қандай қадамдарды белгіледіңіз?

Аға медбикелер мен бас медбикелер орынбасарлары денсаулық сақтау мекемесінде ғана емес, мекеме қызмет көрсететін пациенттер мен клиенттерге ұйымдастыру және мейірбикелік істің болашағын көруде басты рөль атқарады.  Аға медбикелер мен бас медбикелер орынбасарлары практикада мейірбикелік іс концепциясын іске асыруда басты рөль атқарады. Күшті және анық мейірбикелік істің болашағын көру мен баяндау медбикелер ұқсастығын қолдайды, медмейірбикелер ұмтылысын қамтамасыз етеді және рухтандырады. Басшылық лауазымдағы медбикелер мейірбике қауымдастығын бағалауды және қолдауды үйренуі тиіс. Олар өз мүмкіндіктерін толық іске асыра білуі және медмейірбике екендігіне мақтан тұтуы тиіс. Позитьивті және қолдайтын жұмыс мәдениеті медмейірбиеклерді өз тәжірибесімен ашық   бөлісуге, өз практикасы мен карьерасын еркін дамытуға мүмкіндік жасайды. Жазалауға бағытталған негативті мәдениет медмейірбикелерге бағаланбайтынын сездіреді және өз жұмысын дамыту мүмкіндігінен айырады. (Шотландия үкіметі, 2017 жыл). Медмейірбикелердің жақсы басшылары мейірбикелік істің болашағын жақсы көре алады және олар барлық жағдайларда да мейірбикелік істі қорғауға және күресуге құзырлылығы жетеді.  Американдық Мейірбикелер Көшбасшылар Мекемесінің Ұстанымы – «Мейірбикелік істегі көшбасшылық – денсаулықты жақсартуға бір дауыс». Денсаулықты сақтаудың қалыптасуы инновациялық және күтім сарапшысы көшбасшылығында (AONL 2019).

Сілтемелер

AONL 2019: AONL Strategic Plan 2019-2021. American Organization for Nursing Leadership. https://www.aonl.org/system/files/media/file/2019/07/AONL%20Strategic%20Plan%202019-2021.pdf

The Scottish Government, 2017. Nursing 2030 vision. The Chief Nursing Officer’s long-term strategy to shape the future of the nursing workforce. https://www.gov.scot/publications/nursing-2030-vision-9781788511001/pages/1/

Menu