Клиникалық мейіргерлік нұсқаулықтар

МІДО мейіргерлік ісі бойынша клиникалық нұсқаулықтар туралы, жоғары сапалы нұсқаулықтарды әзірлеу туралы, мейіргерлік күтім жасау бойынша қандай ұлттық нұсқаулықтар жарияланғаны немесе әзірленіп жатқандығы туралы ақпаратты ұсынады. МІДО-да әзірлеушілер топтары туралы ақпаратты тауып, әзірлеу бойынша жұмысқа жазыла аласыз. Сонымен қатар, клиникалық ұсыныстармен байланысты тренингтер туралы ақпаратты табасыз.

Клиникалық нұсқаулықтар – бұл медицина қызметкері мен пациенттерге нақты клиникалық жағдайларда тиісті медициналық қызмет көрсету туралы шешім қабылдауға көмектесетін жүйелі түрде жасалған мәлімдемелер. Клиникалық нұсқаулықтар көбінесе медицина немесе күтім жасау сияқты пәндер үшін жасалады, немесе пәнаралық болуы мүмкін. Халықаралық клиникалық нұсқаулықтарды Интернетте басшылық ұйымдардың веб-парақшаларында тауып алуға болады (мысалы, GuidelineInternational https://www.g-i-n.net).

Клиникалық мейіргерлік нұсқаулықтар мейіргерлерге мейіргерлік тәжірибеде негізделген, ойластырылған және дәлелді шешімдерді қабылдауға көмектесуге арналған. Клиникалық мейіргерлік нұсқаулықтар араласулар бойынша егжей-тегжейлі нұсқауларды қатымайды, олар мейіргерлерге шешім қабылдауға көмектесетін дәлелді деректерге негізделген. Мысалы, клиникалық мейіргерлік нұсқаулық дәлелді ақпаратты және ауыруды емдеу бойынша ұсыныстарды қамтуы мүмкін.

Күтім жөніндегі ұлттық клиникалық нұсқаулықтарды жасау Қазақстан Республикасында маңызды мәнге ие. Нұсқаулықтар мейіргерлерге дәлелді деректер негізіндегі өзекті ақпаратты ұсына отырып, клиникалық тәжірибеде шешім қабылдауға көмектеседі. Сонымен қатар, олар күтім жасаудың бірізді әдістерін әзірлеу және денсалық сақтау саласында мейіргерлерлің тәуелсіз рөлін нығайту үшін мүмкіндік ұсынады.

АНЫҚТАМА: Нұсқаулықтар – бұл жұмыс істеп жүрген медициналық қызметкер мен пациентке нақты клиникалық жағдайлар үшін лайықты медициналық қызмет көрсету туралы шешімдерді қабылдауға көмектесетін, медицина қызметкерлеріне жүйелі түрде әзірленген мәлімдемелер. Басшылыққа алынған қағидаттар ең үздік ғылыми деректер мен практикалық тәжірибеге негізделген. Нұсқаулықты әзірлеу тұжырымдалған клиникалық сұраққа және әдебиеттерге жүйелі шолуға негізделген. Нұсқаулықтар артықшылықтарды, сондай-ақ ықтимал зиянды ескеретін бірқатар ұсыныстарды қамтиды. Нұсқаулықты әзірлеу үдерісі егжей-тегжейлі және айқын, ал нәтижелері – қол жетімді болуы тиіс.

АНЫҚТАМА: Клиникалық мейіргерлік нұсқаулықтар – бұл ерекше жағдайларда пациенттерге күтім жасау бойынша мейіргерлерге арналған заманауи деректер мен ұсыныстарды жинақтайтын құжат. Пациенттерді жүргізуде дәлелді медицина мен күтім жасауға негізделген профилактикалық, диагостикалық, терапиялық және оңалту іс-шаралары қолданылады. Мейіргер ісі бойынша клиникалық нұсқаулықтар – мейіргерлерге өздерінің тәжірибесінде нұсқаулықты қамтамасыз ету үшін әзірленген нақты клиникалық саладағы ұсынылатын ең жақсы тәжірибе туралы жүйелі түрде әзірленген ережелер.

Меню