1. Элдор Юнусметов, «Оңтүстік Қазақстан медицина академиясы» АҚ жедел медициналық көмек және мейіргер ісі кафедрасының ассистенті, Шымкент қаласы, Қазақстан Республикасы.
  2. Юргита Гулбиниене, философия докторы, медициналық істер факультеті, Литва Денсаулық туралы ғылымдар университеті, Каунас қаласы, Литва.
  3. Ольга Рикликиене, профессор, медициналық істер факультеті, Литва Денсаулық туралы ғылымдар университеті, Каунас қаласы, Литва.

 

Аңдатпа

Мақсаты: Бұл мақаланың мақсаты- төтенше жағдайлар мен шиеленісті жағдайлардағы  мейіргерлік күтімге қатысты Кэтрин Колькабаның жайлылық теориясын қарастыру.

Әдістемесі: тиісті әдебиеттерді, теориялық базаны және жеке рефлексияны салыстырудың диалектикалық үдерісі негізінде дайындалған теориялық-рефлексиялық мақала.

Нәтижелері: К. Колькаба жайлылықты жеңілдету, релаксация және трансценденталдылық қажеттіліктері арқылы нығайтудың тікелей жағдайы ретінде сипаттайды. Бұл қажеттіліктер төрт мәнмәтінде көрініс табады және қанағаттандырылады: физикалық мәнмәтінде, рухани-психологиялық мәнмәтінде, қоршаған орта мәнмәтінінде және мәдени-әлеуметтік тәжірибе мәнмәтінінде. Клиникалық тәжірибеде жайлылық теориясын қолдану тек науқастарға ғана емес, медицина қызметкерлеріне де медициналық көмек көрсету кезінде күйзелісті жағдайларда жайлылық қажеттіліктерін анықтауға көмектеседі.

Түйін сөздер: Кэтрин Колькаба, жайлылық теориясы, теория

 

Кіріспе

Мейіргер ісі теориялары мейіргер ісі саласындағы әртүрлі ғылыми зерттеулерде жиі қолданылады. Мейіргер ісінің әр теориясы ғылыми дәлелдер негізінде жасалады және науқастарға күтім жасаудың көптеген стратегиялары мен тәсілдерін ұсынады. Бұл мақалада Кэтрин Колькабаның жайлылық теориясының мейіргерлік іс – тәжірибе мен зерттеулерде практикалық  тұрғыдан қолданылуы қарастырылады.

Кэтрин Колькаба көптеген жылдар бойы медициналық және хирургиялық күтім саласында жұмыс істейді. Ол мейіргерлер мектебінде оқып жүрген кезінде психикалық аурулары бар науқастарға арналған бөлімде аға мейіргер болып жұмыс істеді. Осы тәжірибе тұрғысынан ол жайлылық нәтижелерін теориялық бағалауды бастады. 1994 жылы К.Колькаба бақыланатын немесе ұсынылатын күтім негізінде жайлылық теориясын әзірледі [1]. Жайлылық теориясы өзінің қарапайымдылығымен танымал болды және әртүрлі қызмет салаларында сәтті қолданылады [2].

К. Колькаба жайлылықты,  жайлылыққа қажеттіліктің үш түрімен анықтайды (релаксация, жеңілдету, трансцендентальдылық). Релаксация – бұл жайлылық қажеттілігін қанағаттандыру тәжірибесі. Жеңілдету – бұл тыныштықты және/немесе қанағаттануды жақтайтын күтім тәжірибесі. Трансценденталдылық– бұл адам ауырсынуды немесе қиындықты жеңе алатын кезде пайда болатын ерекше тәжірибе [1, 5]. Адамның жайлылықты сезінуіне көмектесетін төрт сала бар: физикалық, рухани-психологиялық, қоршаған орта және әлеуметтік-мәдени сала. Физикалық жайлылыққа дене сезімдері, белгілер және гомеостаз әсер етеді. Рухани-психологиялық жайлылық өзін-өзі бағалауға, өзін-өзі бейнелеуге, сексуалдылыққа, өмірдің мағынасына және жоғары күштерге қатысты. Адамдар арасындағы, әлеуметтік-мәдени және отбасылық қатынастар әлеуметтік-мәдени жайлылықты қалыптастырады [3]. Қоршаған ортаға қатысты жайлылық адамның сыртқы әлеміне орай тәжірибесіне қатысты (температура, жарық, дыбыстар, түстер және т.б.) [1,5].

Жайлылық әрқашан мейіргер ісінің басты идеясы және міндеті болды, бұл мейіргер ісі, пәннің өзі мен мамандық туралы білімнің сипатын анықтауда ерекше мәнге ие [4]. Колькаба жайлылықты тәжірибенің төрт мәнмәтінінде (физикалық, рухани-психологиялық, қоршаған ортаға қатысты және әлеуметтік-мәдени) релаксация, жеңілдету, трансцендентальдылық қажеттіліктерін қанағаттандыру арқылы нығайтудың тікелей жағдайы ретінде сипаттайды [4, 5].

Соңғы онжылдықта жайлылық теориясы қарттарға арналған интернаттардағы егде жастағы науқастарға күтім жасау [6], сәулелік терапиядан өткен науқастарға күтім жасау [7] және операциядан кейінгі күтім [8], психиатриялық мекемелердегі науқастарға күтім жасау [9] және т.б. сияқты көптеген салаларда қолданылды. Барлық зерттеулер ауруханаға жатқызу кезіндегі науқастың жайлылығы науқасты күтудің басты аспектілерінің бірі екенін көрсетті. Сәйкесінше, мейіргерлер мейіргерлік күтім мен мейіргерлік араласуды жоспарлаудан бұрын әр науқастың жайлылық деңгейін анықтауы керек.

Бірқатар зерттеушілер SARS-CoV-2 (COVID-19) пандемиясы кезінде жайлылық сезімінің маңыздылығына талдау жасады [1,3]. Бұл пандемия медицина қауымдастығы әлі кездестірмеген төтенше жағдайға айналды. COVID-19-мен ауруханаға жатқызылған көптеген науқастар қарқынды күтімді қажет етті, бұл ауруханаға жатқызылған нақастардың жалпы жайлылығына әсер етті, мысалы, тыныс алудың қиындауы, мазасыздық, өлім қорқынышы, жалғыз қалу қаупі және отбасылық қатынастардың бұзылуы [3]. Олбрайт [3] COVID-19 пандемиясында мейіргерлер науқастардың жайлылықтың әр саласында: физикалық, рухани-психологиялық, қоршаған орта және әлеуметтік-мәдени салада жайлылықтың маңызды көзіне айналғанын атап өтеді. COVID-19 пандемиясы медицина қызметкерлерінің жайлылығына да айтарлықтай әсер етті. COVID-19 кезінде көптеген дәрігерлер, мейіргерлер және кіші мейіргерлер вирус жұқтырды, оқшауланып өмір сүрді, біртіндеп жұмысқа оралды. Сонымен қатар, олардың кейбіреулері кәсіби күю сынағын басынан кешіріп, өзіне- өзі қол жұмсауға дейін барған жағдайлар кездесті [1]. Тимофей Во [1] теориялық жайлылық жүйесі пандемиямен күрестің алдыңғы шебіндегі жұмысшыларға COVID-19 психологиялық әсерін азайтуға қалай көмектескенін талдады[1].

Кэтрин Колькабаның жайлылық теориясы мейіргер ісінің әртүрлі клиникалық тәжірибелерінде және мейірбике ісі саласындағы зерттеулерде сәтті қолданылады. Клиникалық тәжірибеде жайлылық теориясын қолдану тек науқастар үшін ғана емес, сонымен қатар медицина мамандары үшін де қиын медициналық жағдайларда жайлылық қажеттіліктерін анықтауға көмектеседі.

 

Сілтемелер

 

  1. Timothea Vo,2020. A Practical Guide for Frontline Workers During COVID-19: Kolcaba’s Comfort Theory. Journal of Patient Experience, 7(5), 635-639. https://www.ncbi.nlm.nih.gov/pmc/articles/PMC7705827/pdf/10.1177_2374373520968392. pdf
  2. ,Ebrahimpour Z. A. 2021. Review of Kolcaba Comfort Theory of .Nursing.Yafteh, 23(1), 170-179.http://yafte.lums.ac.ir/article-1-3377-en.html
  3. Albright C.2021. SARS-CoV-2 (COVID-19) Hospitalization in Light of Kolcaba’s Theory of Comfort in Nursing: A Literature Review.Journal of Nursing and Practice,4(2), 345-350.DOI: 10.36959/545/404
  4. Pinto S., Fumincelli L., Mazzo A., Caldeira S., Martins J.C. 2017. Comfort, well-being and quality of life: discussion of the differences and similarities among the concepts.Porto Biomed J, 2(1),6-12. doi: 10.1016/j.pbj.2016.11.003.
  5. Marlaine C. S., Marilyn E. P. 2015 Nursing theories and nursing practice 4th edition; F. A. Davis Company
  6. Yücel Ş.Ç., Arslan G.G., Bagci H. 2020. Effects of Hand Massage and Therapeutic Touch on Comfort and Anxiety Living in a Nursing Home in Turkey: A Randomized Controlled Trial. J Relig Health. 59(1), 351-364. doi: 10.1007/s10943-019-00813-x.
  7. Pehlivan S., Kuzhan A., Yildirim Y., Fadiloglu C. 2016. Comfort and quality of life in patients with breast cancer undergoing radiation therapy. 21(3), 549-555.
  8. Qian, Zhou J., Huang T.,Xingye Cao X., Zhou C., Yang M., Yan Chen Y. 2021. Comfort nursing can alleviate pain and negative emotion of patients after surgery for LVCFsand improve their living ability. Am J TranslRes,13(4):2939-2946
  9. Parks M.D., Morris D.L., Kolcaba K., Patricia E. 2017. An evaluation of patient comfort during acute psychiatric hospitalization. Perspectives in Psychiatric Care. 53(1), 29-37. doi: 10.1111/ppc.12134.
Меню