Авторы: Хэй Джукема
Ханц қолданбалы ғылымдар университеті, Гронинген, Нидерланды
In a Dutch newspaper Ben Tiggelaar wrote a nice column about Leadership in times of.
Covid-19 кезінде голландия газетінде Бен Тиггелар көшбасшылық туралы жақсы мақала жазды.

 

https://media.defense.gov/2020/Mar/03/2002258405/780/780/0/200303-A-TC012-005.JPG

«Әңгіме осындай кризисте біз 50 пайыздық біліміміз бола тұра, 100 пайыздық шешім қабылдауымыз керектігінде болып тұр» дейді Нидерландтар премьер-минстрі Марк Рютте.
Кризис жағдайындағы көшбасшылық – ол өзінен өзі бөлек мамандық. Осыдан бірнеше жыл бұрын Арьен Бойн, Пол Тарт және Фемке ван Эштей зерттеушілер көшбасшылар назар аударуы тиіс жағдайларды тізбектеп айтқан болатын. Директорлар мен мененджерлерге арналған Бақылау тізімін* сіздердің назарларыңызға ұсынамыз.

Кризистік жетекшіліктің өзекті проблемалары *:

1. Мойындау: тез өзгеретін, дау тудыратын, шым-шытырық жағдайлардың дұрыс диагностикасы – басқа жағдайларды тиімді шешу үшін қажетті шарт.

2. Шешім қабылдау: уақыт жетіспеушілігінде, түсініксіз және ұжымдық стрессті жағдайда стратегиялық саяси шешімдерді қабылдау.

3. Түсіну, талдау: не болып жатқаны туралы, қандай себептен екенін, олармен не істеуге болады, кіммен, қалай деген сенімді ашық есеп беру; эмоцияларға, күтілетін жағдайларға, қалың жұртшылықтың мінез-құлқын басқаруға, сол сияқты негізгі қызығушылық білдіргендерге, сол сияқты кризиске байланысты мемлекеттік мекемелер мен лауазымды қызметкерлерге үзілген сенімді қалпына келтіруге, басқаша айтқанда «нақты жағдайда оқыту» бағытталған.

4.Координация: мемлекеттік, жеке және кейде басқа да халықаралық қатысушылар арасында қызметтік байланыс пен тиімді коммуникацияны қалпына келтіру.

5. Бірігу – Консолидация: үкімет пен қоғам арасындағы кризистік режимнен кері қалпына келтіру режимі механизіміне ауысу және «бизнесті қалыпты режимімен жүргізу», құқылы адамдарға ұзақ мерзімді қызмет көрсетуге көңіл бөлу.

6. Есеп беру: сарапшылық, медиийялық, заң шығару және соттық тексеру және дебаттық үдерістерді басқару. Әдетте осы мәселелер кризиспен лесе жүреді , сондықтан, айыптау мен ойынды бұзудан сақтану жауапкершілігі түсіндіріледі.

7.Оқыту: болашақ қызметтер үшін кризис қамтыған жақтардың қатысуын қамтамасызх ету, жауапты шақтардағы, өзін өзі бақылаудың қорғанбайтын әдістерін және нақты деректер мен рефлексия негізінде өткеннен сабақ алу.

Бақылау тізімін қалай пайдалану керек? Бен Тиггелаар авторлардың бірі Лейден университетінің профессоры Арьен Бойнаға мына сұрақты қойды: «Осы жағдайларды кризис кезіндегі көшбасшылар жұмысын бағалауға қолдануға тиіс едіңіз. Мысалы, кризис кезінде үкіметтің не директорлар кеңесінің іс-әрекетін өлшеуіңіз керек еді. Ол мына сөздерден дұрыс болар еді: бізде бәрі жақсы және өзгелерден аз»

Кризистік көшбасшылықтың негізгі проблемаларын сіз қалай бағалар едіңіз деген сұрақ қалады? Сіз осы кризисте өз әріптестеріңізден үйрене аласыз ба?

* Кризис кезіндегі саяси көшбасшылық: қаржылық турбулентілікке көшбасшылар реакциясын салыстыру: статьяны мына сайттан таба аласыз researchgate.net / https://edu.nl/bry8h

 

Menu