Қазақстандағы мейіргерлік зерттеулер

Соңғы жылдары мейіргер ісіндегі зерттеулерді Қазақстандағы медициналық жоғары оқу орындарында, негізінен, мейіргер ісі бойынша магистратура студенттері жүргізуде. Болашақта мейіргер ісіндгеі зерттеулердің бағыттарын ұлттық және институционалды деңгейде жүйелеп, басымдыққа ие болу маңызды. Сонымен қатар, емханалар мен ауруханаларда мейіргер ісіндегі зерттеулерді көбірек жүргізу қажет

«Қазақстандағы мейіргер ісі бойынша зерттеу тақырыптары бойынша ұсыныстар» 2019 жылы Delphi зерттеуін қолдану арқылы анықталды -> PDF . Барлығы 168 қазақстандық денсаулық сақтау мамандары сауалнамаларға жауап берді, олардың жартысы мейіргер ісінің әртүрлі салаларынан. Зерттеулер негізінде мейіргер ісіндегі зерттеулердің ең маңызды және өзекті үш бағыты анықталды:

  1. Төтенше және жедел жәрдемдегі мейіргер ісі
  2. пен жүрек жеткіліксізді кезіндегі мейіргерлік күтім
  3. Онкологиядағы мейіргер ісі
  4. Мейіргер ісінің сапасын жақсарту
  5. Біліктілікті арттыру
  6. Денсаулықты нығайту, аурудың алдын алу
  7. Мейіргер ісіне оқыту
  8. Пациенттерге білім беру
  9. Клиникалық мейіргерлік зерттеулер.
  10. Паллиативті мейіргерлік күтім
  11. Мейіргерлердің әл-ауқаты, жұмыс орнындағы қауіпсіздік және
  12. Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар (АКТ) және мейіргер ісіндегі электронды денсаулық.

Егер сізде мейіргерлік зерттеулерге арналған тақырып болса, сіз тұратын аймақтағы университетке хабарласыңыз.

Меню