ДӘЛЕЛДІ МЕЙІРГЕРЛІК ТӘЖІРИБЕ ДЕГЕН НЕ?

Дәлелді Мейіргерлік Тәжірибе (ДМТ/EBN) бұл озық қолжетімді нақты деректердің, мейіргерлік тәжірибенің, пациенттердің ерекше ықыласының және ресурстардың бірігуі (1-сурет). ДМТ/EBN мақсаты – пациенттердің жоғары сапалы медициналық көмекті алуын қамтамасыз ету болып табылады. ДМТ/EBN – мейіргердің сыни ойлауы мен шешімді қабылдауы үшін негіз болып табылады. ДМТ/EBN форматында PICO (T) әдістемесі (1-кестеге қараңыз) жиі зерттеу сұрағын қою үшін қолданылады. Сұрақты ресімдеу клиникалық сұрақты ұсақтау бөліктерге бөлуге және кілтті сөздерді анықтауға, және сәйкесінше ең жақсы қолжетімді дәлелдерді табуға көмектеседі. Ең жақсы қолжетімді дәлел медицинадағыдай дәлелдер деңгейлерлің негізінде бағаланған дәлелдемелерді зерттеуден тұрады. Зерттеу күшін сипаттау үшін дәлелдемелер деңгейлері саралау жүйесінде орналасқан. Дәлелдерді қолдану кезінде мұқият оқу, сыни бағалау және клиникалық пайымдаулар әлі де қолданылуы тиіс.

 

Ең жақсы қолжетімді дәлел – мейіргерлердің араласуы кезінде (мысалы, пациенттерді оқыту, қол гигиенасы) тауып алуға болатын ең сенімді және расталған дәлел. Қолда бар ең жақсы деректер, әдетте, нақты тақырып бойынша ағымдағы зерттеулерге негізделеді, алайда зерттеу деректері әлсіз болғанда немесе олар болмаған кезде дәлелдердің басқа түрлерін (мысалы, клиникалық ұсыныстар, ең жақсы тәжірибелер) қолдануға болады.

Мейіргер ісіндегі сараптама дегеніміз, мейіргер алдыңғы қатарлы білім базасын, шешімдерді қабылдаудың кешенді дағдыларын және тәжірибе үшін клиникалық құзіреттіліктерді иеленді дегенді білдіреді.

Пациенттердің ерекше ықыласы дегеніміз мейіргерлер пациенттерді өздерінің күтімінің белсенді қатысушылары болуға шақырады дегенді білдіреді. Мұнда пациенттің және оның отбасы мүшелерінің аурумен немесе созылмалы жағдаймен тәжірибесі көрсетіледі. Мейіргерлер аурудың биопсихоәлеуметтік аспектілерін қарастырады, және шешімдер пациенттің қабылдауы мен құндылықтарын ескере отырып қабылданады.

ДМТ-гі/EBN ресурстар мейіргерлердің, білікті, құзыретті мейіргерлердің теңдестірілген жұмыс жүктемесі, мейіргерлер мен пациенттердің барабар қатынасы, жабдықтың барабарлығы мен мейіргерлер ортасының тиісті физикалық құрылымы сияқты физикалық және адами ресурстарға жатады.

Меню