ДӘЛЕЛДІ МЕЙІРГЕРЛІК ТӘЖІРИБЕГЕ ҚАЛАЙ ОҚЫТУҒА БОЛАДЫ?

Мейіргерлерді даярлау ДМТ бойынша оқытуды қамтығаны маңызды. Сондай-ақ, оқу материалы нақты мейіргерлерге арналған болуы және, мысалы, медициналық сарапшылардың оқуымен бірдей болмағаны жөн.

ProInCa жобасы (Денсаулық сақтау қызметтерінің ауысу кезеңінде мейіргер ісі саласындағы жоғары білім берудің инновациялық әлеуетіне жәрдемдесу) шеңберінде ДМТ жөніндегі ұсынылған ұлттық оқу материалдары жоғары білім беру бойынша еуропалық және қазақстандық әріптестермен ынтымақтастықта әзірленді. Материалдар 2019 жылы апробацияланып, 2020 жылы аяқталды. Осы жобада материалдардың келесі деңгейлері әзірленетін болады:

Базалық Мейіргер ісі, дәлелдемелер негізінде (бакалавр дәрежесі үшін, оқытудың 1-ші жылы);

Ілгері Дәлелді Мейіргерлік Тәжірибе (бакалаврларға арналған, оқытудың 4-ші курсы);

Дәлелді Мейіргерлік Тәжірибе пәні бойынша үлгілік оқу бағдарламасы (магистрлерге арналған).

Материалдар дәрістерден, практикалық сабақтар мен дербес студенттік жұмыстардан (тапсырмалардан) тұрады. Материалдар барлығына қол жетімді; оқытушыларға PowerPoint презентацияларын, практикалық сабақтар мен тапсырмаларға арналған нұсқаулықтарды қолдану ұсынылады.

Мұғалімдерге арналған материалдар мына жерде қол жетімді:

Дәлелді мейіргерлік тәжірибе: https://youtu.be/42X9yEIWhV8

Меню