ДӘЛЕЛДІ МЕЙІРГЕРЛІК ТӘЖІРИБЕНІ ҚОЛДАНУДЫ ҚАЛАЙ НЫҒАЙТУҒА БОЛАДЫ?

Соңғы онжылдықтарда мейіргерлік зерттеулерде Дәлелді мейіргерлік тәжірибені енгізуге ықпал ететін кедергілер мен факторлардың әртүрлі түрлері кеңінен зерттеліп, анықталды. Кедергілер мен факторлардың Мейіргер ісінің әртүрлі жағдайларында әмбебап екендігі анықталды.

Кедергілер:

ДМТ/EBN қолдамайтын Мейіргер ісінің мәдениеті;

ДМТ/EBN енгізу үшін уәждеме мен уақыттың болмауы;

ДМТ/EBN көзқарасы;

ДМТ/EBN рөлі мен тәжірибесіне қатысты айқындықтың болмауы;

науқасты күнделікті күтуді ерекше көрсететін мейіргерлік тәжірибе;

ДМТ/EBN сәйкессіз басқару.

Енгізуге ықпал ететін факторлар:

мейіргерлер ДМТ/EBN енгізуді оң қабылдайды;

ДМТ/EBN енгізудегі барабар білім беру және оқыту;

басқарушылық қолдау;

ДМТ/EBN негізіндегі айқын рөлдер мен жоспарланатын тәжірибелер;

ДМТ/EBN сәтті енгізу;

ДМТ/EBN оң әсерін пациенттерді емдеу нәтижелерінен көруге болады.

Мейіргерлер ДМТ/EBN мәнін, енгізудің негіздемесін және сәтті іске асыруға ықпал ететін факторларды түсінуі тиіс. Сондай-ақ барлық қатысушылардың (мейіргерлер, мейіргерлердің, ұйымның басшылары, басқа да мүдделі тараптар) осы үдерістегі өздерінің рөлдері мен міндеттерін айқын сәйкестендіргендері маңызды.

Меню