Мейіргер ісінде көшбасшылыққа оқыту

Қазақстандағы мейіргерлік білім беру қолданбалы және академиялық бакалавриаттан бастау алып, магистратура деңгейінде тереңдей отырып, мейіргер ісі саласындағы көшбасшылық құзыреттердің дамуына әкелетін зерттеулерді қамтиды. Мейіргер ісі саласындағы PhD-докторантура, мысалы, көшбасшылық саласындағы зерттеулер бойынша және клиникалық тәжірибе саласындағы даму жобалары бойынша білімдер мен дағдыларды қамтиды.

Қолданбалы бакалавриатта оқыту кезінде қолжеткізуге қажет негізгі құзыреттілік – болжау мүмкін емес өзгерістерге талдау жүргізу және өзіңнің өнімділігің мен басқа қызметкерлердің өнімділігін жақсарту қажет болатын еңбек қызметі тұрғысынан басқару мен бақылауды жүзеге асыруды білу. Бакалавриатта оқығаннан кейін адам күрделі техникалық немесе кәсіби қызметті және жобаларды басқара алады, болжанбайтын жұмыс жағдайында шешім қабылдау үшін жауапкершілікті өзіне алады; жеке тұлғалар мен қызметкерлер топтарының кәсіби дамуын басқару үшін жауапкершілікті өзіне алады. Магистрлік зерттеулер жаңа стратегиялық тәсілдерді талап ететін күрделі, болжанбайтын еңбек жағдайларын басқару және қайта құру жөніндегі құзыреттерді; кәсіби білім мен практикаға жәрдемдесу және / немесе командалардың стратегиялық нәтижелерін талдау үшін жауапкершілікті өзіне алу жөніндегі құзыреттерді дамытады.

Халықаралық деңгейде мейіргерлердің көшбасшыларына одан арғы оқытуды қамтамасыз ететін бірнеше университеттер мен ұйымдар бар, мысалы, Халықаралық мейіргерлер кеңесі (ICN): ICN Жаһандық көшбасшылық институтының адамдардың денсаулығын, денсаулық сақтау жүйесін және мейіргер ісін жақсартатын саясатты жүргізу үшін әлемнің түпкір-түпкірінен үздік мейіргерлерді дайындайтын стратегиялық көшбасшылық бағдарламасы бар.

https://www.icn.ch/what-we-do/projects/global-nursing-leadership-institute-gnli

Бірлескен магистрлік бағдарлама туралы ақпарат мына жерде: http://test.nursekz.com/wp-content/uploads/2019/10/korr-ru_presentation_joint-master_amu-jamk_20190520.pptx

Меню